13 сырқат қосылды

Қостанай облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен (2020 жылғы 15 маусымдағы мәлімет бойынша) 13 жағдай тіркелді.

13 жағдайдан үш адам Нұр-Сұлтан қаласынан келді. 1968 жылғы ер адам Қостанай қаласына келгеннен кейін, бірнеше күн өткен соң дене қызуымен, жөтелмен және тамақтың ауырғанымен ауруханаға жүгінді.
Елдордадан Арқалық қаласына 1967 жылғы әйел мен оның 16 жасар қызы келді. Екеуі де өз бетінше ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жүгінген кезде тексерілді.  
    Сол күні Арқалық қаласында коронавирустық инфекция 1963 жылғы әйелде расталды. Науқас пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылды.   
COVID-19 бес жағдайы облыстық орталықта тіркелді.  1992 және 1952 жылғы ер кісілерде және 1965, 1996, 1988 жылғы әйелдерде дене қызуы жоғары, әлсіздік, тамақ ауру белгілері болды. Сырқаттанып қалғандардың бәрі эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексерілді және жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды.  
    Тобыл қаласында және Амангелді ауданның Амантоғай ауылында жұқпа 43 жастағы ер адамда және 57 мен 48 жастағы әйелдерде анықталды, олар дене қызуымен және әлсіздікпен медициналық көмекке жүгінген.   Сонымен қатар COVID-19 жұқпасы ПТР анализі әдісімен 1949 жылғы Жангелдин ауданның тұрғынында расталды. Зейнеткер өздігінен медициналық көмекке жүгінген кезде дене қызуы жоғары, тұмаурату, буындары ауруы болды. Егде жастағы ер адам дене қызуы, мұрын бітелуі, бұлшықеттердің ауырсынуы кезінде тексерілді.
    Пациенттер облыстың жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды.  Бекітілген  хаттамаға сәйкес ем шаралары жүргізіледі. Байланысатын тұлғалар тобы анықталды.
    Өңірде эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
    2020 жылдың 15 маусымдағы жағдай бойынша Қостанай облысында коронавирустық инфекциямен аурушаңдықтың 233 жағдайы тіркелді, 184 адам емделіп шықты.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓