Инфекция 3 адамнан анықталды

Қостанай облысында, 14 маусымдағы мәлімет бойынша, коронавирус инфекциясының белгілері бар 3 жағдай тіркелді. 
Коронавирустық инфекция 1974, 1967 және 1995 жылы туған әйелдерден анықталды. Зардап шеккендердің бірі елордадан Рудный қаласына оралған болатын. Дене қызуы болғандықтан тексеруден өткен. Басқа екі науқас Қостанай қаласында тұрады. Әйелдер  ЖРВИ белгілерімен медициналық мекемеге жүгінген, шұғыл ауруханаға жатқызу уақытында эпидқадағалау аясында тексеру жүргізілді.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша олардан COVID-19 диагнозы расталды. Науқастар жұқпалы ауруханалар бөліміне жатқызылып, қазір тиісті ем-дом алып жатыр. 
Алдын алу шараларын жасау үшін, науқастармен байланысатын адамдар анықталуда.
2020 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша, облыста COVID-19 инфекциясы бар 220 адам анықталды, 182 адам емделіп шықты.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓