ҚАЛА КЕҢЕЙМЕК

Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында бюджеттен 18,6 млрд теңге бөлінді. Қаражатқа «Юбилейный» және «Аэропорт» шағын аудандарын кеңейту жоспарланған.  Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов осы аудандардағы құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты.

«Юбилейный» шағын ауданында жалпы ауданы 65,3 мың шаршы метр 4 жалға берілетін, 2 несиелік және 5 коммерциялық үй құрылысы аяқталады. Қолданысқа енгізілгелі тұрған баспаналар 1024 отбасына бұйыруы тиіс.

 «Аэропорт» шағын ауданында бірыңғай сәулет бейнесі аясында, үй құрылысы комбинатының технологиясы бойынша ағымдағы жылы пайдалануға беру мерзімімен жалпы көлемі 22,8 мың шаршы метр болатын 4 көпқабатты несиелік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Бұдан басқа, жалпы ауданы 10,5 мың шаршы метрді құрайтын 108 пәтерлі несиелік тұрғын үйдің құрылысы басталады. Нысан 2021 жылы пайдалануға берілуі тиіс. Тұрғын үй құрылыстарымен танысып шыққан аймақ басшысы "Аэропорт" шағын ауданындағышағын көлдің жаңа жағалау құрылыс жобасымен танысты.

Сапар соңында облыс басшысы  қала әкімі Қайрат Ахметовке құрылыс барысын бақылауда ұстауды, ал мердігерлерге жұмысты сапалы және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓