Бала қуанышы бәрінен қымбат

Биыл Рудныйда балаларға арналған 9 ойын алаңы бой көтермек. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Әнуар Есқатов мәлімдеді.DSC_0223
Жаз басталысымен ата-аналарды толғандыратын басты мәселе – балалардың каникулдағы демалысын тиімді, әрі қауіпсіз етіп ұйымдастыру. Осы орайда жазғы лагерлерден бөлек, ауладағы ойын алаңдары заман талабына сәйкес болуы керек.
Рудныйда 2018 жылы тұңғыш рет балаларға арналған жаңа үлгідегі 5 бірдей спорттық ойын алаңы пайдалануға берілді. Пилоттық жоба халықтың қолдауы мен қошеметіне ие болғандықтан әкімдікбылтыр тағы да 15 алаңды бүлдіршіндердің игілігіне сыйға тартты.DSC_0220
– Бала ойынмен өседі. Сол себепті жақын аумақта олардың көңілінен шығатын ойын алаңы болғанға не жетсін!? Бұрындары қызымды ойнату үшін қаланы шарлап, ақылы «Балдеж паркке» баратынбыз. Былтыр болса біз тұратын Корчагин көшесіндегі №100-106 тұрғын үйлердің ауласына спорт құрылғыларымен, әткеншектермен, сырғанақ пен құмсалғыштармен жабдықталған су жаңа алаң бой көтерді. Содан бері, бұл жердің тіршілігі қайнай түсті, бүлдіршіндер де, жасөспірімдер де, біз де мәз-мейрамбыз, – дейді қала тұрғыны Еркін Калимбердиев.
Бала қуанышы бәрінен қымбат екенін ескерген қала әкімдігі алаңдардың қауіпсіздігіне, құрылысшылардың сапалы материалдарды пайдалануына қатаңбақылауына алған. Отандық құрамы да 90 пайыздан кем болмауы тиіс.DSC_0226
–Жуырда кеншілер қаласының аумағында 9 ойын алаңын салуды жоспарлап отырмыз. Оның үшеуі Қашар кентіне тиесілі. Қаржы бөлініп, мердігерлер іске кірісті. Дегенмен, әлі де қаладағы360 ауланың 30 пайызы ғана тиісті ойын алаңдарымен қамтылған. Тұрғындардың тілек-өтінішіне құлақ асып,алаңдардыкез келген аулаға орната салу да мүмкін емес. Өйткені жердің астында коммуникация желілері жатуы мүмкін. Жұмыстарды бастау үшін коммуналдық қызмет өкілдерінен, байланысшылардан рұхсат алу қажет, – дейді Әнуар Қорғанбекұлы.
Айта кетейік, балалар алаңдары әкімдіктің қолға алған ауқымды жұмыстарының бір бөлігі ғана. Қысқа дейін 1 млрд 200 млн теңгеге 250 мың шаршы метр жол жөнделіп, көшелерді жарықтандыру ісі қолға алынады. Сонымен қатар Восточная көшесі адам танымастай өзгеріп, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 50 пәтерлі жаңа тұрғын үй пайдалануға берілмек.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓