Жасыл желек жанға сая

Тазалық пен тәртіпті басты назарда ұстайтын «ССКӨБ» АҚ әр цехы, әр бөлімшесі өздеріне бекітілген аймақтарын тазалап, қурап қалған ағаштардың орнына жаңасын отырғызып, абаттандыру мен көгалдандыруға бір кісідей атсалысып келеді.22 (3)
«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу – маңызды істердің бірі. Өйткені жасыл желек ауаны тазарып, қоршаған ортаның микроклиматын жақсартады. Кен алыбындағы экологиялық акция биыл да жалғасын тауып, ауқымы кеңейе түсті.8A83sGcHBeI
– Игі істен бірде-бір жұмыскер қалыс қалған емес. Бірі қолына күрек ұстап, жер қазса, екіншісі көшеттерді отырғызады, ал үшіншісі суарып, күтіп-бағуға жауапты.Көктем келісімен цехтың аумағы 123 түп ағашпен және 1000 петуния гүлімен толықты. Бұл өткен жылғыдан екі есе артық көрсеткіш,– дейді Жол шаруашылығы және құрылыстар басқармасының жетекші маманы Исламбек Құдайбергенов.44
33 (1)Жасыл желекті жайқалту өндірісті өлке үшін экологиялық тұрғыда басты міндет екенін кеншілер жақсы біледі. Сондықтан болар жыл сайын Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында кәсіпорында «Жасыл желектер» байқауы ұйымдастырылып келеді. Басты мақсат – айналаны көгалдандыру ісіне жарыс рухын сыйлау.DSC_0393
Мәселен, Тау-кен өндіру кешенінің жұмыскерлері де әріптестерінен қалыспай биыл сүмбіл терек, қарағай, қайың мен теректің 120 түбі мен 1500 гүл екті. Дәл осындай көріністі кен алыбының басқа да бөлімшелерінен байқауға болады.pIbKA-sk5NM
– Біз өміріміздің тең жартысын жұмыста өткіземіз. Сондықтан таза ауамен тыныстап, жанға сая ағаштың көлеңкесінде демалуымызға өзіміз атсалыспасақ, кім атсалысады? Ағаш отырғызып, оған күтім жасап жүрген жұмыскерлер балаларына да экологиялық тәрбие беріп жатқандығын көз көріп, құлақ естіп жүрміз, – деді Сарыбай тау-кен өндіру цехының қызметкері Мади Қамбаров.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓