ЖЕҢІЛДІК ШАРАСЫ БЕКІТІЛДІ

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырысын өткізді. Отырыс барысында шектеу шараларын жұмсартудың 5-ші кезеңін енгізу туралы шешім қабылданды. fd399acc-8ab2-4426-85f6-e63e5e1603aec23e9184-95a4-435c-9263-9b766500b230Қалыптасқан эпиджағдайды ескере отырып, 5-кезең аясында үстіміздегі жылдың 1 маусымынан бастап (Жітіқара қаласын қоспағанда) санитарлық-эпидемиологиялық режимді күшейте отырып, карантин режимі жеңілдетіледі. Мәселен, тұрғындардың тұрғылықты жерінен еркін шығуы,  вокзалдар, автостанциялар жұмысы (1.06.2020 ж. бастап ҚР бойынша т/ж хабарламасы басталды),  елді мекендер арасындағы жүріп-тұру, жеке, қызметтік, қоғамдық автокөлікті және таксиді шектеусіз пайдалану,  әлеуметтік қашықтықты, желдету режимін және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, объект алаңының 1/3 бөлігін бір мезгілде пайдалана отырып, діни объектілердің жұмысы, келушілер саны 50 адамнан аспайтын, 7.00-ден 23.00-ге дейін, үстелдерді бір-бірінен 2 метрден жақын емес орналастыра отырып, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметі, жазғы террастар, 30 адамнан артық емес, столдарды бір-бірінен 2 метрден жақын емес орналастыра отырып, банкеттер, үйлену тойларын, мерейтойлар мен басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ мектеп бітіру кештеріне байланысты іс-шараларды өткізбестен, бөлшек сауда объектілерінің, базарлардың карантинге дейін белгіленген режимде жұмыс істеуі, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, білім беру орталықтарының, әртүрлі сала мамандарын даярлау және қайта даярлау курстарының, семинарлық сабақтардың, ересектерге арналған үйірмелердің қызметі, спорт мектептері мен спорт клубтарында оқу-жаттығу процесін жаңарту, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының бұрынғы режимінде, қалалық қоғамдық көліктің жұмысын 23.00 сағатқа дейін ұзартылады.  25cc4089-8c0f-4626-8079-c5b672e94a72f0c0bda5-9c9e-4b23-8c50-da9606daa523Рудный қаласын қоспағанда, онда карантин енгізілгенге дейін белгіленген кестеге сәйкес қозғалыс жүзеге асырылады. Өңір басшысы қала және аудан әкімдеріне, мемлекеттік мекемелердің басшыларына халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды, сондай-ақ бас санитарлық дәрігерге қаулыға тиісті өзгерістер енгізуді тапсырды.
Әлібек Ыбыраев

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓