Вируспен күрес жалғасуда

Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталды. Десе де індет өршіп тұрған өңірлерде карантин жалғасып жатыр. Рудный олардың қатарына кірмейді. Қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақты. IMG_4641
IMG_4642IMG_4670Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысының негізінде дүйсенбіден бастап Рудныйдағы үш блок-бекет алып тасталынып, таңертеңгі, түскі және кешкі уақыттары қоғамдық көлік қатынай бастады.IMG_4658
Екі айдан бері қолған алынған COVID-19 індетіне қарсы сақтық шаралары әлі бәсеңдеген жоқ. Мысалы, бүгін Ленин, Комсомольская, Қазанның 50 жылдығы көшелерінде орналасқан 30 шақты спорт және балалар ойын алаңдарында кезекті дезинфекциялық жұмыстар атқарылды. Ол үшін құрамында хлоры бар арнайы қоспа пайдаланылады. Залалсыздандыру аяқталғаннан кейін бір сағат көлемінде балаларға ойын алаңына жақындауға болмайтынын ескерте кеткен жөн.IMG_4673
Сонымен қатар, мал дәрігерлік станциясының, өрт сөндіру қызметі мен Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары арнайы техниканы қолданып, түнгі уақытта Жантеміров, Топорков, Парк, Сандригайло, Мира, Қашар, Корчагин, Космонавттар, Қазанның 40 жылдығы, Володар көшелерін өңдеп жүр. Жекелеген нысандардан бөлек көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберіс есіктерін, баспалдақ пен лифтілерін, сүйеніштер мен терезе жақтауларын жуып-шаю жұмыстары да қалалық штабтың жіті бақылауында.IMG_4672
Әрине, пәтер иелері кооперативтері 800-ге тарта тұрғын үйді тәулік сайын тазартып тұруға қауқары жетпейді. Осы орайда тұрғындар да жағдайды түсініп, кіреберістерді өңдеуге белсене атсалысуда.IMG_4668
Дезинфекциялық жұмыстар тоқтамайды. Барлық ойын алаңдары мен көшелер кезек-кезегімен залалсыздандырыла бермек.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓