Халықтікі, сыйламауға хақыңыз жоқ

e4710ea0caa54c5d561a4702a971c28eҚызметтегі көп шаруаның бірі – редакция қоржынын ақтару. Ақтардық, алдымен оқырманға рахмет! Хат жазып, хабарласып, күнделікті өмірде болып жатқан құбылыстарға өзіндік үн қосып, көзқарас-пайымын жеткізуге ұм-тылған. Сол сияқты хат-хабардан өзге өлең-жыр, әңгіме-есте-лік, тарихи-танымдық жазбалар, мақалалар, т.с.с. баршылық. Қуанасыз, техногендік электронды заманда газетке жазғанын беріп, айтарын айтып, көп-шілікке ұсынып жүр. Біз болсақ «газет – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» (А.Байтұрсынов) бол-ғандықтан жариялаймыз.

 

 

 

Бірақ… (Осы «бірақ» құрымай жақсылық жоқ» деп еді классик сатириктеріміздің бірі) бірқатар материалдар легін көріп отырып, «қарынымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына» деген құрғыр тіркес амалсыз тілге оралды. Айтайық. Келіп түскен өлең-жырдың дені елге танымал облыстағы жеті-сегіз ақынымыздікі екен. Жаңа туған тамаша жырларын оқырманға таныстыруға асыққан шығар деп ынта қоя оқи бастайсың. Бірақ оқи келе көңілің құлазып сала береді. Жадағай ұйқас бар да, тың ой, жүрекке жетер сезім жоқ. Шығармашылығын білеміз ғой, өзін-өзі немесе бұрын айтылған тозған, тозаңданған ойларды қайталау. Соңғы кезде арнау өлеңдер пырдай, шеру тартып барады. Осы бір сормаңдай жанр қазақ үшін жаралғандай, адамзат мәдениеттің жоғарғы сатысына көтерілген сайын қазекең керісінше ағайын-туыс, жекжат-жұрағаттарды түгендеп, «поэзияны» жегінді ат қып алды. Ал, көркем деген (егер көркем болса) әңгімелерде аракідік шұрайлы тіркестер кездескенімен, тұтастай алғанда көбінде адамдар қарым-қатынасындағы қатпар-қатпар, бұлым-бұлым тұстардың бей-мәлім сыр-сипат емес, белгілі құбылыстарды сырттай баяндау, әңгімелеу ғана, көркем сурет жоқ.

«Сол жеті-сегіздің ішінде мен де кеттім» деп сол қатардағы кейбір сыйлас, қадірлес ағаларыңыз көңіліне алып немесе өк-пелейді дерсіз. Меніңше, көңі-ліне де алмас, өкпелемейді де. Себебі, олар әдебиет «ардың ісі» деген ұстанымға берік, ішкі діңгегі мықты кісілер деп ойлаймын. Егер пендешілігі ұстап, шынымен-ақ, сондай халге душар болғандар табылса, онда атын атап, түсін түстеп, дәлелдеп, саралап беруге дайынбыз. (Күндердің күні солай да болады). Біздікі маған жақпаған бас-қаға да жақпайды дегендіктен аулақ. Оқырман ретінде, әде-биеттен хабары бар кісі ретінде де айтуға хақылымыз.

Ал, енді, мақалаларға келсек, мұнда да «тұрақты» жеті-сегіз автор бар. Белсенділігіне риза болғың-ақ келеді. Оқысаң көп-шілігі: кешегінің жаңғырығы, сал-дары, бір парасы-мерейтойлық ағайын туған-туысқандарын, жекжат-жұрағаттарын, таныс-тамырын, замандастарын еске алу, мақтау-мадақтау. Түсінеміз: кейіпкерлері қадірлі-қастерлі жандар, сонымен қатар кейбір авторлардың артында мысы басқан мықтылар, дүние-мүккамалды бүгінгі «шынжыр балақ, шұбар төстер», биліктегі айдарынан жел есіп тұрғандары бар, тапсырыс деген тағы бар. Одан қалды материалдың ақысы тө-ленген, тырп еткізбейтін сыңайлы. Заманына қарай адамы, амалы. «Қайтеміз, менталите-тіміз ғой» дейміз, өзімізді-өзіміз ақтай сөйлеп. Қинайтыны – қан-сөлі жоқ, жып-жылтыр сөздерді үсті-үстіне тізбелеп, неғайбыл өмір-баянды қоюлатып-құйқылжытқан қарабайыр баяндаулар. Көпе-көрнеу асыра жараспайтын мақтау-мадақтау. Тарихи-танымдық дүниелердегі кездескен тың зерттеулер, ізденіс нышандарына жаныңыз жадырап қалады. Тағы сол бірақ… белгілі тұлғалардың өмірбаяндарын, шығармаларын мұрағаттан «шаңын» қақпай сол сұрғылт күйі оқырманға ұсына беру – ғалымдардың да, дайындаған авторлардың да арына сын.

Қазір кім не туралы жазамын десе де еркі. Жазсын. Бірақ, біліп, сүзіп, жан терлетіп жазсын. Кісінің кісілік қасиетін танып жазсын, тереңіне қанып, дәлелдеп жазсын. Оқығанда көз алдыңыз-ға жақсының жарқын дидары елестесін. Кісі қай қасиетімен ардақты, қай қасиетімен салмақты екенін жеткізіп жазсын. Әйтпесе, мерейтойлардағы, ағайынның дастарқан басындағы сөздерін талғамсыз газет бетіне сүйрей-сүйкей бергеннен абыройдың артқанын көрген жоқпыз.

Газет – халықтікі. Кейбір ағайындарымыз мұны әдейі түсіне тұра, өзінше меншіктеп алып, «өз үйім – өлең төсегім» деп ойына келгенін істейтін сыңай танытатындай. Бірақ әл-әзір «Қостанай таңы» – өңір айнасы, халықтікі. Онда шынайы дүние, ақиқат та әділ болмыс көрінуі керек. Халықтікін сыйламауға ешкімнің де хақысы жоқ.

Жазыңыздар, ойға суарып, жүректен өткізіп, тұщындыра жазайық!

Жанұзақ

Аязбеков

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓