Ұлы Жеңіс құтты болсын!

Құрметті қостанайлықтар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері!r0opo3m7y7Q
Сіздерді облыстық Ардагерлер кеңесінің атынан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтаймын!
Ғасырдың үшінші ширегі толса да осы тарихи жеңістің ұлылығы әр жаңа ұрпақты қайран қалдырудан танған емес. Кеңес дәуірі адамдарының ержүректігі мен қаһармандығы арқасында әлем мен адамзат өркениеті соғыс құрдымынан құтқарылған еді.
Екінші дүниежүзілік соғыс жауынгерлері біздің, яғни кейінгі ұрпақтың бейбіт аспан астында өмір сүруі үшін ақтық демі, қасық қаны қалғанша, өздерін құрбан ете отырып, жан аямай күреске түсті.
Ұлы ерліктер тек майдан шебінде ғана жасалған жоқ. Жеңіс күнін жақындатуға тыл еңбеккерлері де өлшеусіз үлес қосты. Зілдей ауыр қара жұмыс қарттардың, әйелдер мен балалардың иығына түсті, олар сонда да денсаулығы мен күш-қайратын сарп етіп, ұйқы-күлкісіз, дамыл көрмей еңбек етті.
Соғыс ардагерлерінің қатары бірте-бірте селдіреп бара жатыр. Дәйім олардың жанынан табылып, жіті қарым-қатынаста болудың өзі біз үшін үлкен бақыт. Майдангерлер бүгіннің өзінде өнеге көз болып отыр, сонау тарихи оқиғалар мағлұматын жүректен жүрекке жеткізіп, жастардың санасына Отанға және халқына деген сүйіспеншілік сезімін сіңіруде.
Осынау айрықша күні барлық қостанайлыққа ашық аспан, бейбіт те бейқам өмір, денсаулық, ырыс-құт тілеймін!
 
Кенжебек Укин,
облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы,
Қостанай облысының Құрметті азамат

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓