Болашақтан – өткенге

Сәлем, солдат! Менің атым – Әмина. Саған хат жазу үшін көп толғандым. Бүгінгі аспан шайдай ашық, солай ғой? Есіңде ме?! Сен осындай көгілдір аспанды аңсап, ауылыңа хат жазып едің ғой?! Міне, мен де бүгін ашық күннің аясында саған жауапсыз қалар хат жазудамын. Білемін, сенің не көріп, қандай қиыншылықтан өткеніңді. Оқыдым. Көзіме елестеттім. Айтпақшы, сен білесің бе?! Бейбітшіл, тәуелсіз өмірдің бояулары ашық реңкті, көзге тұрпатты екен. Дәл сенің бейнең секілді.
Өкініш өзегімді өртеп барады. Сенің жасаған ерлігің қан мен шайқас бейнесі көз алдыма келеді. Мен снарядтың жарылғанын естімедім, аштық пен суықтың не екенін сезбедім, лаулап жанған үйлер мен ауылдардың күлін көрмедім, тентіреп жылаған ананың зарын естімедім, осының барлығы сіздердің ерліктеріңіздің арқасында.
"…Ол 18 жасында қан майданға аттанып, қасық қаны қалғанша шайқасты…." Сіз туралы оқыған біраз кітаптарымның, көрген фильмдерімнің, естіген әңгімелерімнің оқиға желісі дәл осылай басталушы еді. Өз Отанына деген махаббат, патриоттық сезім, шексіз ықылас – осы қасиеттердің бәрі бір сіздің бойыңызда сақталғандай. Сізге, сіздің ерлігіңізге алғысым шексіз. Сіздің ел үшін жасаған ерлігіңіз әрқашанда менің лаулап тұрған жүрегімде қалмақ.
Құрметті солдат! Мен сізге соғыссыз өмірдің қалай екенін сәл болса да суреттеп берейін. Өзіңіз болмаса, өзге куә: Соғыссыз өмір тамаша! Соғыссыз заман – тыныштық пен бейбітшіліктің бір кепілі. Соғысы жоқ әлем – әдемі, ол түрлі-түсті гүлдер мен сиқырға толы. Қазіргі соғыссыз заман бейбітшіл, тәуелсіз, зайырлы, мықты мемлекет екенімізді дәлелдейді. Бірақ, бұл әлем, қымбатты жауынгер – сондай нәзік, өте нәзік… Соғыс жоқ. Тыныштық. Міне, солдат, соғыссыз өмір осындай. Осы ғажайып әлемді көре алмай кеткенің өте өкінішті…
Ал, солдат, осымен жауапсыз қалар, қос қанаты қиылған хатымды аяқтайын…
Әмина ЖАЗЫҚПАЕВА,
№28 Құсмұрын орта мектебінің 8-сынып оқушысы.
Әулиекөл ауданы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓