Ер есімі-ел есінде

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңына байланысты Ұлы Отан соғысының ардагері бірнеше медальдің, ордендердің иегері  әкем жайлы сыр шерткім келеді. Әкем 1907 жылы жылы Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Көкалат ауылында дүниеге келген.  7 сыныптық мектепті аяқтаған соң, мал шаруашылығымен айналысады. Ұлы Отан соғысы басталғанда әкем 34 жаста екен.1942 жылы інісі Сапабек екеуі бір күнде Ұлы Отан соғысына Отанын қорғауға аттанады. Әкем Москвада, одан кейін Смоленск, Орлов қалаларында соғыстың ортасында жүреді. Қаншама қиын кезеңдерді басынан өткереді.1944 жылы оң қолынан қатты жараланады, Москва қаласындағы госпитальға жөнелтіледі. Сол жерде бір қолын айырылып, 1944  жылдың қаңтар айында елге оралады.Елге оралған соң бір қолының жоқтығына қарамастан мал шаруашылығын дамытуға зор үлес қоса отыра, еңбегімен көзге түседі.Зейнетке шыққанша Қарақоға бөлімшесінің  меңгерушісі қызмет атқарады. Бірнеше  дүркін медаль, орденмен мараппаталады. Ал інісі соғыстан оралмады.Әкеміз бір қолымен болсада еліне адал қызмет атқарды. Әкемді Қостанай өңірі ол кісінің адал еңбегінің біледі. Бізге қашанда айтатын ақылы «еңбек етсең, еңбегіңнің жемісін көресің», «адал жолмен мал тап», «біреудің ала жібін аттама»- деп ақыл айтатын.Біз ұрпағы әкеміздің еңбегін, істеген ісі арқылы мақтанамыз.Ұрпағына тәрбие берді,бір қолымен балаларымен қатар, елге де қамқорлығын аямады.Жетім-жесірге де көмегі көп болды. Ел болып, әкемнің жақсылығын, қамқорлығын айтып отыратын, мен осындай әкем болғанына мақтанышпен айтып отырамын. Елінің сыйлы азаматы болды. Әкемізден  12 ұл, 2 қыз  дүниеге келдік. Мен әкемнің екінші ерке қызы болдым. Қашанда менің айтқанымды екі етпей,  қызым бұзық, ерке деп дәріптеп отыратын. Мен әкемді есейсемде сағынамын.Өзі оқымасада, біздің жоғары білімді болғанымызды қалады. Балаларының қызығын көрген ардақты әке, немере-шөберелерінің сүйікті атасы болды. Ұрпағына берген үлгі өнегесін қашанда  мақтанышпен айтып жүреді. Балаларынан  65 немере, 8 шөбересін көріп кетті.  Балалары әр салада қызмет атқарып, әкеміздің ізін жалғастырудамыз. Әкем 1997 жылы  24 сәуірде 90 жасында өзінің туған жері Көкалат ауылында көз жұмды. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында әкемді мақтанышпен еске аламын. «Ер есімі-ел есінде» дегендей әкемнің соғыс ардагері, ардақты әке  болғанына  мақтанамын.  Қабажай әулеті ұрпақтары  қамқор, ұйымшыл, бірлігі,татулығы жарасқан отбасына айналып отыр. Әкемізден ерлігін немере, шөберелері, шөпшектері қазіргі таңда мақтанышпен еске алады.Әрқашанда әкеміз біздің жүрегімізде  сақталады.Мәңгі жүрегіміздесіз, ұрпағың тек сағынышпен еске алады. Алдағы уақытта еліміз аман, тыныштығы бұзылмаған, аспанымыз ашық, ұрпағы  кеңінен жайылған ел болайық.
IMG-20200429-WA0000-1
Кішібай Сағира Қабажайқызы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓