91 жоба жүзеге асырылады

Облыс орталығында 6346 маманға сұраныс бар. Осыған байланысты, "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында Қостанай қаласында 91 жоба жүзеге асырылады.
 
Жергілікті жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, қалада 
жұмысшы мамандар тапшы. Қазір 91 жобаның 29-ы бойынша 
келісімшарт жасалған. Ал қалған жобаларға конкурстық рәсімдер жүріп жатыр, олар жақын арада аяқталады. 
Әзірге 126 адам жұмысқа орналастырылған. Әлеуметтік сала мамандары бұл бағыттағы іс-шаралар белсенді жүргізіліп жатқанын айтады. Олар пандемия жағдайында жұмыссыз қалғандарды, үйде отырған жастарды жұмысқа шақырады. Барлық жобадағы міндетті шарт – айлық еңбекақы 2 ЕТЖ (ең төменгі жалақы) мөлшерінен, яғни, 85 мың теңгеден аз болмауы тиіс. 

 

WhatsApp Image 2020-04-29 at 18.06.57 (1)

Жұмыс іздеп жүрсеңіз таңғы сағат 9.00-ден кешкі 18.30-ға дейін 52-20-44, 52-20-43 телефондарына хабарласуға болады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓