Алдағы аптада қандай қызмет түрлері жұмысқа кіріседі?

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, — деп хабарлайды primeminister.kz сайты.
Мемлекеттік комиссия өңірлердегі әкімдердің ұсыныстарын қарап, Денсаулық сақтау министрлігінің позициясын ескере отырып, бірқатар шешім қабылдады.
Шешімге сәйкес, осы жылдың 4 мамырынан бастап барлық аймақтарда жұмысқа кірісетін қызмет түрлерінің тізімі бекітілді.
4 мамырдан
Сондай-ақ, 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастарын қайта жандандыру туралы шешім қабылданды. Рейстер санитарлық талаптардың нормаларын күшейтумен, аз жолаушылармен және салонда ерекше қашықтықты сақтап отырғызу арқылы жүзеге асырылады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓