Мұнайшылар үйге оралды

DweXgkAXcAIa_TT

Бүгін Атырау облысындағы «Теңізшевройл» мұнай компаниясында вахталық жұмыс істеп жүрген 358 қостанайлық аймағымызға оралып келмек. Азаматтардың барлығы Қостанай облысының тұрғындары. Олар 15.10-да арнайы пойызбен жеткізіледі. Бұл туралы өңірлік жедел штаб хабарлайды.
40678
«Атырау облысындағы COVID-19 ауруының өршіп кетуіне байланысты, аталған азаматтардың арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанғандарды анықтау мақсатында сауалнама, термометрия жүргізілетін болады. Содан соң олар уақытша оқшаулау орындарға – облыс орталығының карантин стационарларына жеткізіледі, ол жерде COVID-19 ауруының болу-болмауына терең сараптама алынады. COVID-19 зерттеу нәтижелері анықталмаған жағдайда, үй жағдайында карантинді қатаң түрде ұстау қажеттілігі туралы жазбаша хабарламаны қолға берумен, 14 күндік инкубациялық кезеңі аяқталғанға дейін  бұл қызметкерлер үй карантиніне жіберіледі. Ал COVID-19 зерттеу нәтижелері расталған жағдайда, аталған санаттағы адамдар ем қабылдау мекемесінің инфекциялық бөліміне емделуге жатқызылады», — делінген ақпараттық хабарламада.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓