COVID-19: тағы екі адам жұқтырды

29 сәуірде Қостанай облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2 жағдайы тіркелді. Бұл туралы өңірдегі жедел ақпараттық штаб хабарлады. 
917-covid
1968 жылғы Беларусь Республикасының азаматы ауруханаға жатқызылды. Халықаралық жүк тасымалдау көлігінің жүргізушісі, Польша-Қазақстан бағыты бойынша Қостанай қаласына келген. 
Ресей Федерациясының шекарасын өткен кезде, «Қайрақ» автобекетінде байланыссыз термометрия әдісімен тексерілгенде дене қызуы болмаған. Жүк түсіру орнына жеткенде ер адам әлсіздікті, денсаулығының нашарлауын сезінеді. Дереу жедел жәрдем шақыртып, Тобыл қаласы провизорлық госпитальге жатқызылды. ПТР диагностикалық зерттеудің нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қостанай облысы аумағында жүргенде, сондай-ақ, жүкті түсірген кезде жергілікті тұрғындармен байланыспаған.
Жітіқара қаласында 1978 жылғы ер адамда ПТР зерттеулері оң нәтижені көрсеткен. Ер адам алдында ауырып қалған пациентпен жақын қарым-қатынаста болған. Провизорлық госпитальден Жітіқара ауруханасының инфекциялық бөліміне ауыстырылды. 
Екі жағдайдың екеуінде де бекітілген хаттамаға сәйкес ем шаралары қабылдануда. 
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасады.
29.04.2020 жылғы мәлімет бойынша өңірде COVID-19 ауруын жұқтырған 45 адам тіркелді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓