Талдау өзімізден жүргізілмек

Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің жанындағы ғылыми-зерттеу институты  зертханасында  жаңа полимерлік тізбекті реакция (ПТР) әдісімен зерттеу жұмыстары қолға алынды. Қостанайлық  ғалымдардың осы тәсілмен COVID-19 дертін талдауды қашан қолға алатынын БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен бүгінгі онлайн-брифингте  ҚМУ-нің ректоры Алма Дощанова айтып берді.
864bacee-afc3-4534-bb10-68cf58960336
–Біздің облысымызда коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Осыған орай облыстық денсаулық сақтау басқармасы біздің Қолданбалы биотехнология және молекулалық-генетикалық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтын вирусты зерттеудің  базасы қылып алды. Вирустың таралуын тежеу үшін, оны тасымалдаушыларды ерте анықтау керек. Бұған біздің мүмкіндігіміз жетеді. Үздіксіз жабдықталумен зертхана бір ауысымда кемінде 90 сынаманы өңдеуге қабілетті. Біз алдымызда қандай міндет тұрғанын сезініп, өз учаскелерімізде барлық қажетті жұмыстарды жүргізуге дайынбыз. Осындай зерттеулермен айналысу үшін зертхана аккредиттелуі, заманауи жабдыққа ие болуы, қатаң санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс. Сонымен қатар, сала маманының тиісті біліктілігі болуы қажет. Университет зертханасы осы талаптарға сай келеді,  – деді Алма Іргебайқызы.
Жаңа полимерлік тізбекті реакция әдісімен зерттеу келесі аптада басталады. Зертханаға сынамалар Қостанай облысы бойынша  түсетін болады. Сондай-ақ, брифинг барысында оқу орнының қашықтан оқыту жүйесі мен емтихан тапсыруға байланысты жоспарлары айтылды.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓