Құрылыс барысымен танысты

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының «Юбилейный» шағын ауданында болып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Аймақ басшысы бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі жеке парақшасында жазды.1"Төртінші класты жайлылыққа ие №50 тұрғын үй құрылысының барысын қарап шықтым. Бүгінгі күні шатырдың монтажы аяқталып, таза әрлеу жұмыстары жүргізілуде,үй ішіндегі инженерлік желілер орындалды. Үйдің құрылысын 2020 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, «Юбилейный» шағын ауданындағы 1200 орындық мектептің құрылысын қарап шықтым. Жұмыстар толық жүргізілуде. Жабдықтарды таза өңдеу және құрал-жабдықтар сатып алу жүргізілуде", — деп жазды А.Мұхамбетов.5243Облыс әкімі ісапар соңында алаңы 8,6 шаршы метрден асатын мұз айдыны сарайының құрылысымен танысты. Жаңа мұз сарайы 2,6 мың жанкүйерді сыйғыза алады. Қазіргі таңда трибунның металл құрылымдарын монтаждау, шатырдың құрылысы, ішкі инженерлік коммуникациялар аяқталу алдында. Нысанды 2020 жылдың күзінде толық тәмамдау жоспарланып отыр.67"Барлық объектілерде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталатынын атап өткім келеді. Мердігер ұйымдарға құрылыс-монтаж жұмыстарын сапалы және мерзімінде орындауды тапсырдым", — деп түйіндеді аймақ басшысы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓