Жоғары шек – 450 теңге

Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысыны сәйкес, қазіргі таңда медициналық қызметкері бар, көліктердің дезинфекциясы мен күнделікті жуылуына кепілдік беріп, жүргізушілері қажетті қорғаныс құралдарымен қамтылған такси қызметтері ғана жұмыс істей алады. Осы орайда Рудныйда «Сана», «Центр Такси», «Қуаныш», «ЕСТ» және «Тарлан» компаниялары талаптарды түгел орындап, жолаушы тасымалдауға рұхсат алды.
20200422_154701
Алайда тұрғындар таксиді тек жұмысқа, дүкен, дәріхана мен медициналық ұйымдарға барып-келуге ғана пайдалана алады. Жолаушы өзімен бірге жұмыс орнынан, не дәрігер анықтамасын, жеке басын куәландыратын құжаттарды алып жүруі тиіс.
Жергілікті билік такси қызметтерінің басшыларымен ортақ келісімге келді. Қаланың ішінде тасымалдау құны 450 теңгеден аспауы тиіс. Одан жоғары бағаны көрсеткен компанияларды жолықтырсаңыз, облыстық Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне 8 (7142) 54 18 97, 8 (705) 424 42 20 телефон нөмірлері бойынша шағымдануға болады.
Еске сала кетейік, бүгіннен бастап «ССКӨБ» қызметкерлеріне таңертеңгі және кешкі белгіленген уақытта жеке көлігімен жұмысқа барып-келуге рұхсат берілді. Сонымен қатар жұма күнінен бастап тұрғындарға өз көліктерімен саяжайға қатынай алады.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓