COVID-19: 7 адамнан анықталды

Бұған дейін 22 сәуір күні Қостанай облысында коронавирустық инфекцияның тағы 7 жағдайы тіркелгенін, науқастар санының 34-ке жеткенін хабарлаған болатынбыз – https://kostanaytany.kz/archives/84872. Олардың бесеуі Жітіқарада, екеуі Қостанай қаласында анықталып отыр. Бұл жөнінде өңірдік жедел штаб хабарлайды.
COVID-19 Жітіқара қаласының 5 тұрғыны мен облыс орталығының 2 тұрғынынан анықталды. Жітіқаралақы 1976, 1958, 1963, 1986  және 1959 жылы туған  5 ер кісі бұған дейін коронавирустық инфекция расталған науқастардың көршілері. Олар ауруханаға жатқызылды, бекітілген хаттамаға сай тиісті емдеу шараларын алып жатыр.
«Қостанай қаласындағы облыстық балалар ауруханасының провизорлық бөліміне 1985 жылғы әйел төрт баласымен жатқызылған болатын. Ресейден келген бұл әйел Мәскеуде жұмыс істеген, шекарада байланыссыз термометрия жасау кезінде дене қызуы жоғары болғаны белгілі болды.  Алгоритмге сай, жедел жәрдем шақыртылды, балалармен анасы провизорлық бөліміне жеткізілді. Яни, шекара бекетінен тура емдеу орнына жеткізілді. ПТР зерттеудің нәтижесі бойынша  COVID-19  диагнозы расталды. Қазір анасы облыс аурухананың инфекция бөліміне ауыстырылып жатыр, балалары облыстық балалар ауруханасының провизорлық бөлімінде қалады, 14 тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында болады.
Сонымен қатар коронавирустық инфекция диагнозы Қостанай қаласының 37 жастағы тұрғынында расталды. ЖРВИ диагнозымен тексерілген әйелден ПТР зерттеудің нәтижесі бойынша  COVID-19  диагнозы анықталды. Оның қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр», – делінген хабарламада. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓