«Біз сізбен біргеміз!»

сайткаа11111

Елде қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты, білім беру саласына енгізілген өзгерістерге сәйкес, оқушылардың қашықтан оқыту жүйесіне көшкені белгілі. Әрине, мұндай сын сағаттың туатынын ешкім күткен жоқ. Бірақ жаңа жүйені ұстаздар да, оқушылар да игеріп әкетті. Осы орайда редакциямызға хат жолдаған бір топ ата-ана №24 мектеп-гимназияның ұстаздарына алғыс айтады.

«Қайырлы күн қымбатты ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгідей қиын-қыстау заманда балаларымызға қашықтан білім беру арқылы көштен қалдырмай келе жатқан №24 мектеп-гимназияның 4 «Ә» сыныбының жетекшісі Меруерт Темірқызына бар тәлімін арнап, төзімділік танытқаны үшін барша сыныптың ата-аналарының атынан айрықша алғысымызды білдіреміз!

Меруерт апай, төрт жыл бойы балаларымызға бар білімін беріп, тәрбие көрсетіп келеді. Биыл өзінің аталған бастауыш сыныбымен қош айтыспақшы. Ұл-қыздарымыздың сүйікті апайымыздан алған тәлім-тәрбиесі алдағы күні мол азық, үлкен жүк болатынына сенімдіміз. Келешекте де ақылды, зерек оқушыларының көп болуына тілектеспіз!

Ағылшын тілі, орыс тілі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өзін-өзі тану, музыка, көркем еңбек, денешынықтыру пәндерінен сабақ беретін мұғалімдеріміздің күн-түн демей, балаға қашықтықтан қалай да білім беру керекпіз деген ынта-ниетпен өз жұмыстарына кірісіп кеткенін де байқадық. Сонымен қатар, әр баламен тікелей байланыста отырған барлық ұстаздарымыздың атқарып жатқан істеріне, жылдам әрі жүйелі жұмыстарына  ризашылығымызды білдіреміз.

Апайларымыздың шәкірт жанында тапсырманы түсініп, орындап жазғанына не жетсін! «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» дейді ғой дана халқымыз. Біз сіздермен біргеміз!» — деп түйіндепті ата-аналар хатында.

сайтка 22222

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓