«iKomek-тен» көмек көп

Жыл басынан бері Қостанайдың "iKomek" орталығы 65 мыңнан астам адамның өтінішін қанағаттандырған.  Бұл жөнінде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың Қостанай қаласындағы "iKomek" жедел әрекет ету және мониторинг орталығының жұмысымен танысу барысында белгілі болды. Орталық өз жұмысын 2019 жылдың мамыр айында бастаған болатын.

аа111

Орталықтың негізгі міндеті-қалалықтарға қашықтан қызмет көрсету. IKomek орталығының қызметтер каталогында 1000-нан астам қызмет жүктелген, бар мәселе оператормен байланыс арқылы шешіледі.

Аймақ тұрғындары "iKomek-ке " 109 нөмірі арқылы жүгіне алады. Одан басқа орталық Facebook, Telegram ЖӘНЕ WhatsApp әлеуметтік желілері арқылы азаматтарға көмек көрсетуде. Бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.

Бүгінгі күні орталыққа негізінен карантин режимі бойынша сұрақтар келіп түсуде.

Сондай-ақ, Орталық карантин кезіндегі жүріс-тұрысқа рұқсат алу бойынша өтінімдерді өңдейді. 2020 жылдың 17-18 сәуір аралығында 5 мыңнан астам өтінім келіп түсті, оның ішінде 3,8 мыңға жуық өтінім қанағаттандырылған.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓