Бірлескен пилоттық жоба

#BizBirgemiz республикалық акция аясында Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдарын» облыстық орталығы және Қостанай облысының Полиция департаментімен бірлесіп, құқық қорғау органдарының салалық терминдерін меңгерту мақсатында "Бейнесабақтар түсіру" пилоттық жобасын бастады. 20200415_115240
-Жобаның мақсаты – еліміздегі қазіргі ТЖ кезінде полиция қызметкерлері үшін мемлекеттік тілді және ағылшын тілін қашықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру. Бүгінгі алғашқы бейнесабақты «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушылары – Доспанова Айткүл Масақбайқызы мен Кубеева Айжан Өмірбекқызы жүргізді, – дейді «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Гүлнар Талапова.20200415_112346
Жалпы, елімізде 16 наурыздан бастап енгізілген төтенше жағдайға байланысты қауіпсіздік шаралары аясында «Тілдарын» орталығы да облыста бірінші болып тыңдаушыларды қашықтан оқытуды қолға алған болатын. Тыңдаушыларды мемлекеттік және ағылшын тілдеріне Zoom бағдарламасы, Whats App мессенджері арқылы қашықтан оқытуды тиімді жүзеге асырып келеді. Тыңдаушылар сабаққа жұмыс орнында немесе үйде отырып, кестеге сәйкес қатыса алады. Барлық өткізілген сабақтар орталықтың әлеуметтік желідегі парақшаларына үнемі жүктеліп отырады.
Қашықтан оқытуды тиімді жүргізу бойынша облыстағы аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтарының мамандарына әдістемелік көмек көрсету үшін арнайы онлайн конференция да ұйымдастырылып, өзара тәжірибе алмасу сабақтары да көрсетілді.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓