Жалған құжат жарға жықты

сайтка2222
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын және тергеу әрекеттерін жүргізу барысында «Мақсат» ШҚ жалған бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеудің заңсыз қызметін әшкереледі.
-Шаруа қожалығының басшысы өзінің атынан 3 сыныпты бидай мен зығыр жеткізгені үшін «Алтын Арна 2015» ЖШС-не 679 250 000 теңге сомасына жалған шот-фактуралар жазып отырған. Сол қызметі үшін 3 625 000 теңге сомасына пайыздық сыйақыға ие алған. Алайда, тауарлар тиісті жеріне жеткізілмеген, — дейді ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.
Тексеру барысында «Мақсат» ШҚ тауарлы емес бастапқы бухгалтерлік құжаттары, ақша қаражаты, құжаттар және басқа да заттар тәркіленді.
20 наурызда Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен «Мақсат» ШҚ басшысы ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 216-бабының 3-бөлігі бойынша үкім кесілді. Аталған қылмысты жасағаны үшін оған шартты түрде 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓