Халыққа рухани күш берудеміз

КАлмаков1
Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет қызметкерлеріне алғыс айтып, ықыласын білдіруі біз үшін зор баға. Шын мәнінде мәдениет министрлігінен бастап еліміздің барлық мәдениет ұйымдары, театрлар, музейлер осынау бір қиын жағдайда еш бір тосылмай, халыққа рухани азық беріп, қолдау көрсетіп жатыр. Оған баршамыз да куәгерміз.
Қостанай облысының мәдениет ұйымдарына келер болсақ соның ішінде Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның солистері, шығармашылық ұжымдары өздерінің онлайн концерттерін, одан қалды бейнебаяндарын ұсынып жатыр. Бұл да халыққа қолдау көрсетудің бір жолы. Кітапхана ұйымдары халыққа тікелей қызмет көрсетпегенімен онлайн жүйеде оқылатын әдебиеттер тізімін электронды түрде ұсыну арқылы жұмыс істеуде. Одан қалды біздің музейлеріміз де танымдық дәрістермен кездесулерін өткізіп жатыр. Ы.Алтынсарин музейінде белгілі зиялы қауым өкілдірімен онлайн кездесулер мен  сұхбаттар өтуде. Облыстық тарихи-өлкетану музейі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай жерлес батырларымыздың өміріне байланысты дәрістер өткізуде. Бұл бастамадан аудандарымыз да тыс қалып жатқан жоқ. Барлық қалалар мен аудандардың мәдениет үйлері, кітапханалары онлайн жүйеде көптеген ақпарат, концерттер, челлендждер ұйымдастырып, халықтың көңіліне медеу тұтатын түрлі бастамалар көтеріп жатыр. Бұл әлі де жалғасын табады. Сондықтан ең бастысы осы бір ауыр індетті жеңіп шығуда халыққа демеу беріп, өзіміздің бір үлесімізді қосу парызымыз деп ойлаймын. 
Ерлан ҚАЛМАҚОВ,
Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓