Өндірісте өсім бар

2020 жылдың бірінші тоқсанында«ССКӨБ» АҚ тауарлық өнім көлемін өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24 пайызға арттырды. Осылайша кен алыбы серіктестеріне 3 миллион тоннадан артық темір кені шикізатын жөнелтіп отыр.ссгпо - отгрузка окатышей -(1)
Коронавирус пандемиясы әлемнің небір алпауыт компанияларын шайқалтып, жоспарларын өзгертуіне себеп болды. Осыған қарамастан «ССКӨБ» АҚ өндіріс көлемін сақтап қалды. Бүгінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген кен орындары мен фабрика кешенінде жұмыс қызып тұр. Бірлестік міндеттерді орындау үшін қажетті шикізатпен қамтамасыз етілген.
Жалпы, үстіміздегі жылдың 3 айында 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көптеген өндірістік көрсеткіштердің өскені байқалады. Кен өндірісі 539мың тоннаға артып, жеті миллион тоннадан асты. Осылайша 3 миллион тонна темір кені концентратымен шекемтас діттеген жеріне жетті.
Рудныйлық кен алыбының өнімдерін сатып алудакөрші Ресей көшбасшы – 2 миллион тонна. Яғни жалпы көлемнің үштен бірі. Аспан асты елімен арада қарым-қатынас та қуантарлық деңгейде. Қытайдыңметаллургия компанияларының арасында біздің өнімге сұраныс артты. Сандарды сөйлетсек, 3 айда жеткізілім шамамен 700 мың тоннаға жетті. Бұл 2019 жылдың алғашқы үш айымен салыстырғанда 259 мың тоннаға артық.
Кеншілерді екінші тоқсанда үлкен сынақ күтіп тұр. Кәсіпорын алған бағытынан таймай, жоспарлық міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыратындығына сенімдіміз.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓