Қаулыға өзгерістер енгізілді

Өңір тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Владимир Нечитайло 2020 жылғы 29 наурыздағы № 4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде онлайн брифинг кезінде баяндады.нечитайло
Атап айтқанда, қоғамдық тамақтану орындарынан (асхана, дәмхана, мейрамхана, бар және т.б.) тамақты тек сыртқа әкете аласыз. Сондай-ақ, сұлулық салондары, шаштараздар қызметін санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, тек алдын ала жазылу тәртібімен ұйымдастырады. Ғимарат ішінде кезекке тұруға тыйым салынады.
— Жеке пәтер иелері кооперативі, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар дезинфекциялау құралдарын сатып алу мәселесін шешсін, көп қабатты үйлердің кіреберістерін, базар аумағын күн сайын жуып-шайып отырсын. Сауда орындарында сатып алушылар кассалардың алдында кезекте кемінде 1 метр қашықтықты сақтау қажет. Қостанай облысының полиция департаменті, қалалар мен аудандар әкімдері жолаушылар тасымалының қызметін шектейді. Белгіленген тәртіппен емделуге жіберілетін адамдарды қоспағанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарына жолдама бойынша Қостанай облысы тұрғындарының автомобиль және темір жол көлігінің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалына және жеке автокөлікпен шығуына тыйым салынады, — деді өңірдің бас санитарлық дәрігері.
2 сәуірден бастап қоғамдық көлік пен таксиде медициналық маскамен жүру міндеттелгендіктен, оны полиция өз бақылауына алады. Тіпті, көлік жүргізушісінің өзі жолаушыдан маска тағуын талап етуге құқылы.
Бұдан бөлек, мектеп аумағында ойын алаңдары мен спорт ғимараттарын пайдалануға да тыйым салынып отыр.
 
Қ.ҚИЫСХАН

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓