Жалған ақпаршы іздестіріліп жатыр

whatsapp-fake-numara

WhatsApp мессенджерінде Арқалық қаласында коронавирус жұқтыру фактісі тіркелді деп аудио жазба тарату дерегі бойынша полиция тексеруді бастап кетті. Бұл жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Kv39BOPW_400x400

«Аудио жазба таратқан әйелдің жеке басы анықталып жатыр. Алайда Қостанай облысының тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлағандай, 2020 жылғы 27 наурызда Арқалық қаласы мен Жітіқара ауданында әйел және ер адам ауруханаға жатқызылды. Олар бұған дейін Ақмола облысында коронавирустан көз жұмған адаммен бір пойызда болған. Екеуінен COVID-19 сараптамасы алынды, ауру белгілері анықталған жоқ. Аталған тұлғалар карантин мерзімі аяқталғанша медициналық қызметкерлердің бақылауында болады», – делінген баспасөз хабарламада.

photo_312980

Естеріңізге сала кетейік, WhatsApp мессенджерінде белгісіз әйелдің (сол қалпында) «…Масқара, Арқалықтан бір адам шықты ғой, естідіңдер ма? Базарда жұмыс істейтін сатушы кісіден шығып жатыр дейді. Ол кісі Бішкекке барып келіпті товарға, содан жұғып кепті дейді» деп басталатын ауызша жазбада Арқалық  қаласының базары тексеріліп, жабылып жатыр делінген.

Айта кетейік, бұл төтенше жағдай жарияланған мерзімдегі 5-ші жалған ақпарат тарату дерегі. Бұған дейінгі фейк таратушылар анықталып, тіпті, кейбірінің артынан кешірім сұраған видеосы (http://kostanaytany.kz/archives/83744) жарияланған болатын.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓