Несібесін несиемен арттырған

Қостанай облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы "Еңбек" бағдарламасының екінші бағытын іске асыруды міндетіне алған. Атап айтқанда, облысқа қарасты қалалардағы шағын және орта бизнесті шағын несиемен қамту және несиелендіруді кепілдендіру мәселесін қадағалайды. Басқарма басшысы аталмыш бағдарламаның 2019 жылғы есебін беріп, осы жылға құрылған жоспарларын мәлімдеді.IMG_4170"2019 жылы жалпы сомасы 1 244,2 млн теңге болатын 142 шағын несие берілді. Оның ішінде, 994,2 млн теңгенің 106 несиесі екінші деңгейлі банктер арқылы, 250 млн теңгені құрайтын 36 несие "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" АҚ арқылы иелерін тапты. Сондай-ақ, берілген шағын несиелер бойынша 43 кепілдеме рәсімделді", — деп мәлімет берді басқарма басшысы Олжас Сапарбеков.IMG_4174
Қалалар арасында шағын несиені ең көп рәсімдеген азаматтар саны жөнінен Қостанай көш бастап тұр. Облыс орталығында 84 жоба 764,9 млн теңгемен қамтылған. 194,8 млн теңгемен 22 жобасы қаржыландырылған Рудный қаласы екінші сатыдан көрінді. Ал 17 жобаға 126 млн теңге құйған арқалықтықтар үздік үштікті түйіндейді. Шағын несиемен шаруашылығын шиырлатқандардың көбі – көтерме және бөлшектік саудамен шұғылданатындар (39%), сондай-ақ жүк тасымалымен айналысатын тұлғалар (21%) және халыққа сән салоны, тігін ательесі сынды көптеген жеке қызмет көрсету арқылы нәсіп жиғысы келген азаматтар (17%).IMG_4146
"Облыс қалаларында шағын несие алушылар арқасында 48 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның сыртында, 230-дай жұмыс орнының сақталып қалуына мүмкін дік туды, — деді О.Сапарбеков. — Сондай-ақ, несиелендіру ықпалымен қалаларда 27 стартап-жоба іске қосылып, жас кәсіпкерлердің 13 жобасына қолдау көрсетілді. Ал биылғы жоспарға сай, бағдарламаны жүзеге асыруға 579,1 млн теңге қарастырылды. Бүгінгі таңда оның жартысына жуығы игерілді. Жалпы алғанда, осы жылы 58 шағын несие және 30 кепілдеме беру көзделіп отыр".
Басқарма басшысы кәсіпкерлікке ынталы әйелдер қауымына шағын несиелер ұсыну да белсенді жүріп жатқанына тоқталды. Нәзік жандылардың қалалардағы үлесі 45%-ке тең екен. Олардың көбі аспаздық және тігіншілік кәсіпті сәтті жүзеге асырып жатқаны тілге тиек етілді. Бұдан бөлек, несиелендіру кезінде кездесетін мәселелер де сөз болды. Айталық, кепіл қою міндеті, банктердің осы тұрғыдағы қатаң саясаты, өтінімді қарау мерзімінің ұзақтығы секілді түйткілдер көп жағдайда кесе-көлденең шығып жатады. Дегенмен, мұндай мәселелерді оңтайландыру тетіктері қаралып жатқан көрінеді.     
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓