Жеңісті жақындатқан Ту

Биыл Жеңістің 75 жылдығына орай ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйытқы болуымен «Біз – Жеңістің мұрагеріміз» еске алу эстафетасы басталып кеткен еді. Оның негізгі атрибуты – 1941 жылы Алматы қаласында құрылған генерал-майор И.В.Панфиловтың  әйгілі 316-шы атқыштар дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесі болып табылады. Тарихтан белгілі болғандай, Мәскеу түбіндегі қиян-кескі шайқастан кейін 316-шы атқыштар дивизиясына 8-ші гвардиялық фанфиловшылар дивизиясы атағы берілді. Кеңес Одағының батыры И.В.Панфиловтың қалың қолы Берлинге дейін жетіп, жеңісті жақындатты.IMG_3778
Аталған шара аясында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен Қостанайдағы 6697 әскери бөлімінің сарбаздары Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінің ұландарынан Жауынгерлік туды қабыл алды. Сарбаздар сап түзеп қарсы алған салтанатты рәсім облыс орталығындағы Жеңіс саябағында өтті.IMG_3845
IMG_3747— Жеңістің мерейтойына байланысты республика көлемінде 600-ден астам шаралар ұйымдастыру жоспарланған. Ал бұл эстафета еліміз бойынша 11 мың шақырымды жүріп өтіп, 40-тан астам әскери бөлімде аялдамақ. Бүгінгі аясында біз жеке құраммен тәрбиелік сағаттар, тақырыптық кеш, көзі тірі ардагерлермен кездесу және қарт жауынгерлерді үйлеріне барып марапаттау, мектеп қабырғаларында патриоттық дәрістер қатарлы шараларды өткізбекпіз, — деді ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Қанат Беляков.IMG_3814
IMG_4055IMG_4085Айта кетейік, Қостанайда екі күн аялдаған Жауынгерлік ту Көкшетау қаласындағы 6610 әскери бөліміне жолданбақ.  
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓