Президенттің пандемияға қатысты мәлімдемесі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.photo_64644пр
"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс", — деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады.
"Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік", — делінген еді ұйымның Twitter-дегі парақшасында.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓