Жаңа мектептің жетістігі

Облыс орталығында жаңадан ашылған №28 мектеп-гимназиясы оқушылары түрлі сайыстарға қатысып, өздерін жақсы қырынан көрсетуде. Оған дәлел, «Абай жолы» атты республикалық жас көркемсөз шеберлерінің арасында өткен мүшәйрада І дәрежелі дипломмен 10 «а» сынып  оқушысы Әлішер Жұмабек пен І дәрежелі дипломмен Нұртөре Хыдырбек иеленді. 
IMG_1138
Сонымен қатар, «AI-Faraby» республикалық білім қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Мұқағали – мәңгілік жыр» атты мектеп оқушылары арасында шығарма жазу сайысында 7 «ә» сынып оқушысы Нұртөре Хыдырбек І дәрежелі дипломмен, 10 «а» сынып оқушысы Жанат Манатова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
IMG_1143
Елімізде өтіп жатқан байрақты бәсекелерде бас жүлде алғандардың тізімі мұнымен шектелмейді. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша ІІ орынды 6 «а» сынып оқушысы Тимур Қали, «Көркемсөз» номинациясы бойынша 7 «ә» сынып оқушысы Бек Махмұтов алдына жан салмай, бас жүлдеге ие болса,  6 «ә» сынып оқушысы Наргиз Қарасартова І орынға иеленді.  Ал ақындық өнер номинациясы бойынша 8 сынып оқушысы Жамбыл Нұралыұлы бас жүлдені жеңіп алды.
IMG_1130
Тағы бір республикалық «Алаш ардақтылары» балалар мен жасөспірімдер байқауында «Шығарма» жанры бойынша 10 «ө» сынып оқушысы Жанат Мақсатова мен 7 «а» сынып оқушысы Индира Молдашевалар І орынды жеңіп алса, «Көркемсөз» жанры бойынша 6 «ә» сынып оқушысы Наргиз Қарасартова ІІ орынға ие болды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓