Балғын музыканттар байқауы

Бүгін музыкалық және эстетикалық білім мен орындаушылық шеберлікті арттыру мақсатында, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстағы барлық өнер және әуез мектептерінің арасында жас музыканттардың 54-ші облыстық фестивалі өтті.IMG_0784
IMG_0751IMG_0795IMG_0810Өнер фестиваліне облыс бойынша 180-нен астам дарынды оқушы, аудан-қалалардағы фортепиано бөлімінің 16 жеке орындаушылары және 7 хор ұжымы қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
-Қостанай қаласы №1 балалар музыка мектебінің хор ұжымын дайындап әкелдім. Бір өкініштісі, қазір балалардың хор айтуға деген қызығушылығы төмен. «Қарлығаш», «Ивушка» шығармаларын біздің балалар орындады, — дейді хор жетекшісі Күләш Қазбекқызы.
Фестиваль шартына сай өнер көрсеткен жас музыканттар шараны тамашалаған көрермендердің қошеметіне бөленді.IMG_0873
Гран-при иегерлері келесі айдың аяғында Қарағанды қаласында өтетін республикалық фестивальге жолдама алатын болады.
Шұға АҢСАҒАНҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓