Назарда – ұстаздар денсаулығы

Облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары қаламыздағы №2 мектеп-лицейінде ұстаздар үшін арнайы іс-шара өткізді. Мақсат – әйелдер арасындағы сүт безі ауруының алдын алу, медициналық қызметті қолжетімді етіп, саламатты өмір салтын ұстануға шақыру. Акция барысында орталық мамандары артериялық гипертонияның, инсульттің, мидың тамыр аурулары мен сүт безі обырының алдын алудың маңыздылығын түсіндірсе, ал қалалық №1 емхана дәрігерлері акцияға қатысушылардың артериалды және көз қан қысымын өлшеп, қандағы қант, холестерин мөлшерін анықтады. Сондай-ақ, қыз-келіншектер маммологқа тегін қаралу мүмкіндігіне ие болды.
зож
-Бүгінде халық арасында жүрек-қан тамырлары ауруы, өкпе рагі, сүт безі обыры сияқты аурулар алдыңғы орынға шығып отыр. Әсіресе, нәзік жандылар арасында сүт безінің аурулары жасарып барады. Көбіне әйелдер адамдар, соның ішінде біздің қазақтың қыз-келіншектері отбасы, жұмыс деп жүріп өз денсаулықтарына көңіл бөлмейді. Дәрігерге де уақытылы қаралмайды. Тіпті, жәй ғана ауру деп қан қысымы сияқты дерттерге де көңіл бөлмейді. Бүгінгі шараға қатысып жатқандар арасында қан қысымы көтерілген қыз-келіншектер де кездесіп жатыр. Біз оларға өздерінің жергілікті учаскелік дәрігерлеріне қаралуға кеңес беріп жатырмыз, — дейді терапевт-дәрігер Мәділхан Есжанов.
зож1
Сондықтан, орталық мамандары акцияға қатысушыларға күнделікті күйбең тірлікті ұмытып, біруақ өз денсаулықтарына көңіл бөлуге кеңес берді. Бұл жолғы акцияға білім ошағындағы барлық қыз-келіншектер қатысты. Дәрігерлік тексеруден өткендердің ішінде    3 адам артериалды қан қысымы және холестерин мөлшерінің көбеюі бойынша  5 адам арнайы мамандарға жіберілді. Сондай-ақ,  маммалог дәрігер 10 әйелге қайтадан дәрігерлік тексерістен өтуге анықтама берді.
зож2
-Біздің білім ошағында мұндай шара бірінші рет өткізіліп жатыр. Біз бұған өте қуаныштымыз. Себебі, мұғалімдердің жұмысын өздеріңіз де білесіздер, таңертеңнен қара кешке дейін мектепте жүреді, ал демалыс күндері үйдің тірлігінен артылмайды. Шынын айтқанда, күнделікті күйбең тірліктен қолымыз тие бермейді. Ал, мынадай шаралар біз сияқты қыз-келіншектер үшін үлкен мүмкіндік. Мектептен шықпай-ақ денсаулығымызды тексертеп жатырмыз. Сондықтан, орталық мамандарына да айтар алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта жылына бір рет болса да осындай акция өткізіп тұрса ғанибет болар еді, — дейді мектеп директоры Гүлфия Дандыбаева.
зож3
Іс-шара соңында мамандар саламатты өмір салтын насихаттауға арналған ақпараттық танымдық материалдар таратты. Алдағы уақытта орталық мамандары қаламыздағы барлық мектептерде осындай іс-шара ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Суреттерді түсірген Б.КӨРКЕМБАЕВ

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓