Бұзықтарды шұжық ұстап берді

Жеке тұрғын үйден 12 млн теңге ұрлаған қылмыскерді табуға шұжық қалдығының көмегі тиді. Ұрылар итке тастаған тағамда штрихкод сақталып қалған. Соның көмегімен облыстық Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері қылмысты ізі суытпай ашты. Бұл туралы Polisia.kz сайты жазады.fb9a1d18-111a-4a0b-9038-8cc78a455dca
Үй иелері балаларын мектепке апаруға кетіп, жарты сағаттай ғана уақыт алданғанда ұрылар жоспарларын жүзеге асырып үлгерген. Олар үйге асүй терезесін сындырып кіріп, 12 миллион теңгені жымқырып кеткен.66e1a9b8-11d6-45e6-82fb-17388b6d6f74
Тергеу-оперативтік тобы оқиға орнында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Белгілі болғандай, үй сатып алуға арналған ақша сөмкеге салынып, төргі бөлмеге қойылған. Бұл ұрыларға оңай "олжа" болды. Тәртіп сақшылары ауладан желінген шұжық бөлігін тауып алды. Оны қылмыскерлер итті алдау үшін пайдаланса керек. Бір қызығы, шұжық сыртындағы штрихкод сау күйінде қалған. Полицейлер сол арқылы ұрылардың сауда жасаған орны мен уақытын анықтады. Осы дәйектің арқасында сақшылар жәбірленушінің танысымен байланысқа шықты, өйткені ол мұның үй сатып алатын ақшасы барын білген. Тергеу анықтағандай, күдікті өзінің үш бірдей сыбайласымен бұл отбасының үйден шығатын уақытын алдын ала біліп алып, жоспарларын іске асырған. 
Барлық төрт қылмыскер Қостанай қаласында ұсталды. Олардан заттай айғақтар – ақша мен сөмке тәркіленді. Ол кінәларын жасырған жоқ, дегенмен 1-2 млн теңгені мұқтаждықтарына жұмсап үлгерген. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Қылмыскерлердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстарының бар-жоғы анықталуда.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓