Жалған қоңыраудың жазасы шынайы

16 жастағы жеткіншек ғимаратқа жарылғыш зат қайылғаны туралы жалған ақпарат айтқан.b0f643d6256d988856125e119e110f48-slider
17 ақпан күні Рудный қаласының Жедел басқару орталығына 30 жастағы ер адамнан 40 лет Октября көшесі бойындағы өзі тұратын үйге бомба қойылғаны туралы хабарлаған. Оның ұялы телефонына белгісіз тұлға әйел дауысымен осындай ақпарат беріпті.
Аталған мекенжайға шұғыл түрде өрт сөндірушілер, жедел жәрдем және құқыққорғау органдарының қызметкерлері жөнелтілген. Көпқабатты үйден 22 тұрғын тысқа шығарылды. Тексеру шаралары жүргізіліп, ешқандай жарылыс құрылғысы табылған жоқ.
Жедел іздестіру шаралары барысында дүрбелеңге кінәлі кәмелеттік толмаған тұлға анықталды. 16 жастағы жеткіншек қалжыңдағысы келгенін айтып ақталды. Ол телефонына дауыс өзгертетін бағдарлама көшіріп алып, "әйелдің" дауысымен ер адамның нөміріне қоңырау шалған. 
Осы дерек бойынша ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап бойынша айыпкер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, сондай-ақ арнайы қызметті әуреге салғаны үшін шығынды өтеу міндеттеледі.
Тәртіп сақшылары мұндай келеңсіздіктерге жол бермеу үшін ата-аналардан балаларына профилактикалық сипаттағы ескерту жасап отыруды сұрайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓