Ағайындылардың «алтыны» мен «қоласы» (БЕЙНЕ)

Үндістанның Нью-Дели қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионаты басталды. Қазақстанның грек-рим күресінен ұлттық құрамасының сапындағы қос қостанайлық, ағайынды Тамерлан, Мансұр Шадукаевтар жарыстың алғашқы күні сәтті өнер көрсетті. 201393_89b8deca030190845847f627517a26bc
77 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғауға барған Тамерлан ақтық бәсекеге дейін қарсылас шақ келтірмей, финалда ирандық балуан Пижман Поштамның да жауырынын жер иіскетті (10:1). Осылайша, ол "алтыннан" алқа тағынды! 
 
 
tamerlan_shadukayev_kaz_df._george_vlad_mariea_rou_6-1-4Ал оның бауыры Мансұр 130 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік үштіктің қатарынан көрініп, қоржынға "қола" жүлде салды.
Айта кетейік, Тамерлан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ал Мансұрдың "спорт шебері" атағы бар. Қос балуан Қостанай облысының аға бапкері Серік Байжановтың қол астында дайындалады.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓