«Серпін» сенімді ақтауда

"Мәңгілік ел жастары – индустрияға" – "Серпін-2050" арнайы бағдарламасы бойынша Қостанай облысының оқу орындарында 1367 студент білім алып жатыр. Олар – Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Маңғыстау облыстарынан келген жастар. 2019 жылы 684 "серпіндік" оқуды аяқтап, 555-і жұмысқа орналасқан. 142 түлек Қостанайдан қоныс тауыпты.191230143613516e
Мәселен, бүгінгі таңда А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да 370 "серпіндік" 14 мамандық бойынша оқуда. Былтыр 314 алғашқы түлек дипломға ие болды. Оның 85%-і облыста қалған. Биыл бұл оқу орнын 208 студент тәмамдайды.  Ал Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-да бүгінде 189 студент 13 мамандық бойынша білім алып жатыр. Мұнда соңғы екі жылда 236 талапкер оқуды аяқтап, 211-і тұрақты жұмысқа орналасса, 31 түлек Қостанай облысында қалған. Осы жылы 80 студент оқу бітірмек. Ал РИИ-де осындай 218 студент оқып жүр. Олар мамандықтың 10 түрінен білімдерін тереңдетуде.10828048_10204332733173376_8837441118008007056_o "Серпіндіктердің" барлығына жатақханадан орын берілген. Оның сыртында, оларға шәкіртақы және демалыс кездерінде жол ақысын төлеу қарастырылған.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓