Ақпарат расталды

Кешеден бері әлеуметтік желілерде Жанкелдин ауданының Ақкөл ауылы маңына зымыран қалдығының құлағаны туралы ақпарат тарады. Осы жайтқа байланысты "Қазақстан" ұлттық арнасының меншікті тілшісі Дәуренбек Әбдібек аудан әкімдігіне сұрау хат жолдаған. Журналист бүгін "Фейсбук" желісіндегі жеке парақшасында Жанкелдин ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Торыбаевтың мәлімдемесін жариялады.​86185901_2419661958346448_3550310483309363200_n
"Союз-2 тасығышының қалдығы ақпанның 6-нан 7-сіне қараған түні сағат 3.40 маңында Ақкөл ауылының солтүстігіне қарай, елді мекеннен шамамен 15-20 шақырым қашыққа құлаған. Бұл  –Тентексай ауылының маңы. Сол күні ұлттық ғарыш орталығының мамандары келіп, орнын жинап-тазалап, қалдықтарды алып кеткен. Қалдық құлардан бұрын оның болжамды түсетін орны мен уақыты жайлы тұрғындарға ескертілген. Бұл – осы аумақ үкіметаралық келісіммен белгіленген кейінгі зымыран қалдығының алғаш құлауы", — делінген Б.Торбаев хабарламасында.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓