Армения көлігі тіркелді

Қостанай қаласының мамандандырылған ХҚКО-да Армениядан әкелінген көлікті тіркеуге қойды. Оның иесі – 31 жастағы қала тұрғыны. Ол 2008 жылы шыққан «Lexus» көлігін ХҚКО-ға әкелген. Қала тұрғыны бастапқы тіркеу үшін 1 325 500 теңге жарна төлеген. Сондай-ақ, нөмірлік белгіге және техпаспортқа баж салығын төледі.
WhatsApp Image 2020-02-10 at 16.40.03
Осылайша, жүргізушіге мемлекеттік нөмір белгісі берілді. ХҚКО мамандарының айтуынша, көлік тіркеу мәселе бойынша кеңес алу үшін 300-ден астам көлік иесі жүгінген. Жүргізушілер ЕЭО елдерінен әкелінген машиналарды тіркеу бойынша демалыс күндері де кеңес ала алатынын атап өту қажет. Қостанай облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полковник Андрей Григоревскийдің айтуынша, аймақта Армения Республикасынан әкелінген 791 көлік құралы бар.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓