Татулық тірегі

IMG_9396Қыркүйек айының үшінші жексенбісі – Қазақстан халқы тілдерінің күні. Осынау мереке қарсаңында облыстық тілдерді дамыту басқармасы тілдер мерекесін өткізді.
Мерекелік шараға мемлекеттік қызметшілер, жергілікті ақын-жазушылар, қоғам белсенділері және студенттер қатысты. Алдымен еліміздің Әнұраны орындалып, көпшіліктің назарына облысымыздағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асуы туралы бейне-ролик ұсынылды. Онда қазақ тілінің тыныштық пен татулықтың тірегі екені айтылады. Иә, мемлекеттік саясаттың негізі – Қазақстан халқын біріктіру. Бұл дегеніміз еліміздегі түрлі этнос өкілдері өздерінің ана тілдері мен төл мәдениетін оқып білуге барлық жағдайдың жасалғанын меңзейді. Қостанай облысында мемлекеттік тілді оқытуға арналған 18 орталық бар. Үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыруды мақсат тұтқан  жексенбілік мектептер қаншама.
Ауқымды шарада сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев:
– Тіл – қарым-қатынас құралы ғана емес, мәдениетіміздің, әдебиетіміздің күре тамыры.   Қандай мемлекет болмасын, оның ең әуелi мән берiп, ұлықтайтыны, әрине, тілі.  Қазақстандықтардың басын бiрiктiретiн басты фактор – мемлекеттiк тiл. Облысымызда соңғы сегіз жылда мемлекеттік тілде білім беретін он төрт мектеп салынды. Биыл Назарбаев зияткерлік мектебі ашылады. Қолға алынған шаруаның барлығы ана тіліміздің қанат жаюы үшін жасалуда. Мемлекетімізді алға сүйреп, экономикасын көтеріп, озық отыз елдің қатарына қосылу үшін жастарымыз ағылшын тілін меңгеруі керек, – деді.
Тілдер мерекесінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан белсенді азаматтар марапатталды. Облыс әкімінің атынан Алғыс хат алғандардың бірі арқалықтық Денис Скороходов. Орыс ұлтынан шыққан азамат мемлекеттік тілді бала күнінен біледі екен. Ол қазағы қалың Қайыңды ауылында туып өскен. Жергілікті жердегі орыс мектебі жабылып қалған соң Арқалықтағы Ақбұлақ орта мектебінде білімін жалғастырады. Осылайша қазақ тілін үйреніп, қазіргі күні мемлекеттік қызметте жемісті еңбек етіп жатыр.
– Отбасында бес ағайындымыз. Бәріміз қазақша сөйлейміз. Жұмыс барысында іс қағаздарды мемлекеттік тілде толтырамын. Қазақ тілін білу еліміздегі кез келген адамның парызы, – деді Ар-қалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Денис Скороходов.
Қымбат
       ДОСЖАНОВА
Суретте: мерекеден көрініс.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓