Дирижерлер форумы (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Қаламызда Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында III халықаралық дирижерлер форумы өтті. Бұл жолы Е. Өмірзақов атындағы орыс халық аспаптар оркестрінің 35 жылдығына арналды.WhatsApp Image 2020-02-07 at 21.15.31WhatsApp Image 2020-02-07 at 21.12.46WhatsApp Image 2020-02-07 at 21.16.37Негізгі мақсат – ұлттық музыкалық дәстүрлерді дамыту, жастарға патриоттық тәрбие беру, ұлттық өнер мен рухани дәстүрлерді насихаттау, алыс және жақын шетелдердің дирижерлері арасында музыкалық тәжірибемен алмасу, дирижерлеуді жетілдіру. Форум тәжірибе алмасуға, өзара тиімді байытуға, достықты, келісім мен бірлікті нығайтуға мүмкіндік бермек. Қатысушылар өздерінің таланттары мен шеберліктерін тағы бір рет көрсете алатын ерекше алаң. Концерттік бағдарламаға облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары мен солистері, сондай-ақ атақты қонақтар қатысты.WhatsApp Image 2020-02-07 at 21.10.16WhatsApp Image 2020-02-07 at 21.14.19WhatsApp Image 2020-02-07 at 21.10.31Облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.
– Біздің елде жеті әйгілі дирижер бар. Солардың екеуі осы форумға келіп қатысты. Бұл кісілерге алтын уақыттарын бөліп, Қостанайға арнайы келгендері үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Сонда й-ақ, біз Жастар сарайының Қостанай облысы мәдениетіне қызмет етіп жатқаны үшін ерекше қуаныштымыз, – деді Ерлан Қалмақов.WhatsApp Image 2020-02-07 at 21.15.21WhatsApp Image 2020-02-07 at 21.14.39WhatsApp Image 2020-02-07 at 21.14.07Үш күнге жалғасқан форумның соңғы күні орыс халық аспаптар оркестрінің мерейтойлық концертімен аяқталды.

Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓