Түрмеге саяхат

Бүгін Қостанайдағы облыстық басқармалар мен бөлімдердің бас мамандары 161/1 түзеу мекемесін  аралап көріп, түрме өмірімен танысты. Тергеу изоляторының қызметкерлері мемлекеттік қызметшілерге жер астындағы тергеу кабинеттерін, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар жататын камераларды, серуен алаңы мен қылмыскерлердің ас-су ішетін орынжайларын көрсетті. Келгендерді түрме тұрмысымен тәртіп және күзет бөлімі бастығының орынбасары Айдын Есенбаев таныстырды. WhatsApp Image 2020-02-06 at 15.36.41 (1)WhatsApp Image 2020-02-06 at 15.36.41— Шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшінің жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Сондай-ақ, парақорлықтың түбі түрмемен аяқталатынын, сондықтан мемлекет қызметіндегі азаматтардың ақырын жүріп, анық басып, өздеріне жүктелген міндетті адал атқару керектігін тағы бір ескерту, — дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент басшысының орынбасары Данияр Смағұлов.WhatsApp Image 2020-02-06 at 15.36.52
WhatsApp Image 2020-02-06 at 15.36.55
Нұрқанат Құлабаев

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓