Аудан ахуалы тұрақты

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің Меңдіқара ауданына іс-сапары аудан әкімі Нұрлан Қатарбековтің халық алдында 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы есебінен басталды.WhatsApp Image 2020-02-05 at 17.05.08 (1)
WhatsApp Image 2020-02-05 at 17.05.08
WhatsApp Image 2020-02-05 at 17.05.07Аудан экономикасының негізгі үлесінің 70% — дан астамын ауыл шаруашылығы құрайды. Өткен жылдың  құрғақшылығына қарамастан, дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 12 ц/га, майлы дақылдар 5,5 ц/га құраған.
– Мемлекеттің қолдаудың арқасында  ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 9 мың тоннадан астам жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Жалпы ауыл шаруашылығы бойынша 2019 жылы 1,9 млрд. теңге сомаға субсидиялар төленді. Бұл минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алуға, сұрыптық жаңартуды және сұрыптық ауыстыруды жүргізуге, машина-трактор паркін жаңартуды жалғастыруға мүмкіндік берді, – деді аудан әкімі Нұрлан  Жеңісұлы.WhatsApp Image 2020-02-05 at 17.04.49
Ауданның мал шаруашылығы өнімдерін өндіру санының тұрақты өсуі байқалады. "Сыбаға" бағдарламасы бойынша Австриядан 125 бас ірі қара сатып алынып, 2,9 млрд теңгеге арнайы техникамен жабдықталған.
–Өңдеу өнеркәсібінің шағын кәсіпкерлік субъектілері 6 наубайхана, ет өңдеу және шұжық өнімдерін өндіру цехы, 2 ағаш өңдеу цехы және тротуарлық төсемтас жасау цехы жұмыс істейді. Жылумен, сумен жабдықтау бойынша қызметтерді "Боровское ТКШ – 2016" МКК жүзеге асырады. 2,1 млрд теңге сомасына өнеркәсіп өнімі өндірілді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1317 бірлікті құрайды. Шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 8,9 млрд теңгені құрады. 2019 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін орташа жөндеуге 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. 351млн теңге сомасына ұзындығы 28 км аудандық маңызы бар "Боровское–Молодежное" автожолына орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, ұзындығы 20 км "Боровское-Ұзынағаш" автожолы бойынша 500 млн. теңгеге жұмыстар жүргізілді, – деді аудан әкімі.
"Ауыл — Ел бесігі" жобасы аясында атқарылған жұмыстар аз емес. Мәселен, Боровское ауылында 222млн теңгеге 7 көше учаскесіне орташа жөндеу жүргізілген.Мемлекеттік бюджет жоспары 111,8% — ға орындалды. Бюджеттің 4 деңгейінің кірістері 113,6% — ға, аудан бюджетінің шығыстары 2019 жылы 5,5 млрд. теңгені құраған. Жыл қорытындысы бойынша 99,5% орындалып отыр.
Орташа айлық жалақы 107,5 мың теңгені құрап, 2018 жылғы деңгеймен салыстырғанда 116,7% өскен. "Еңбек" бағдарламасының екінші бағыты аясында шағын бизнесті дамытуға жалпы сомасы 2229 млн теңгеге 54 кредит беріліп, 45 жаңа жұмыс орны ашылған. Жастар, көп балалы отбасылар және еңбекке жарамды мүгедектер үшін жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 17,5 млн. теңге сомасында 37 грант берілген.WhatsApp Image 2020-02-05 at 17.04.46 (1)
Сонымен қатар, ауданға 2019 жылы Шымкент қаласынан, Маңғыстау, Жамбыл және Түркістан облыстарынан 28 адам көшіп келген. Бағдарламаның барлық қатысушылары жұмысқа орналастырылып, көшуге және тұрғын үй сатып алуға 6,8 млн.теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілген.
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2018-2019 жылдары 14 жоба іске асырылған. Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында және оқушылардың ғылым мен инженерлік іске деген қызығушылығын арттыру мақсатында "Қостанайаймұнайөнімдері" және "Қарқын"ЖШС тартылған қаражат есебінен Первомай және Соснов орта мектептерінде 3 млн теңге сомасына 2 IT-кабинет ашылған.
Жиын барысында аудан әкімі тікелей қойылған және де әлеуметтік желі арқылы жоданған тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Мәселен, халық тарапынан аудандағы су тарту жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқаны айтылды.WhatsApp Image 2020-02-05 at 17.04.48
 Әкім есебін аймақ басшысы қорытындылады. Әр салаға қатысты жалпы даму көрсеткіші ойдағыдай екенін айтып, аудан әкіміне су тарту жұмыстарының жоспарға сай аяқталуын тапсырды.WhatsApp Image 2020-02-05 at 17.04.46
Есептік кездесу аяқталғаннан кейін облыс әкімі аудан тұрғындарын жеке қабылдап,  ел көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.WhatsApp Image 2020-02-05 at 17.04.45
Кейін аймақ басшысы 2019 жылы "Ауыл-Ел бесігі" арнайы жобасы аясында 100 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 45,9 млн теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынған Меңдіқара аудандық ауруханасына бас сұқты. Ғимараттың шатыры мен қасбеті, құламалар жөнделіп, терезе блоктары, перзентхана мен емхананың шатырлары жаңартылған. Ал қыркүйек айында аудандық ауруханаға "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 3 дәрігер келген.
 
Әсел ҚИБАШ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓