Ет комбинатының құрылысы басталды

Биыл құны 110 млрд теңге болатын 5 инвестициялық жоба жүзеге асады. Солардың бірі – «BEEF EXPORT GROUP» ЖШС компаниясының заманауи ет комбинаты кешені. Бұл туралы Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов халық алдында есеп беру жиыны кезінде айтты.imagesҚазір құрылыс жұмыстары басталды. Бұл кәсіпорын жылына 110 мың бас ІҚМ және 132 мың бас ұсақ малдың етін өндеуге қауқарлы. Жобаның жалпы құны – 5,3 млрд теңге.Без названия (1)
Айта кету керек, 2019 жылы облыс орталығында 10,2 млрд теңгеге 4 ірі инвестициялық жоба іске асырылды. Қуаты жылына 500 тракторға дейін шығарылатын «Кировец» тракторларын өндіретін зауыт пайдалануға берілді. Жобаға 1,7 млрд теңге құйылды. «Саламат» серіктестігі тәулігіне 1000 тонна ұн өндіретін диірмен кешенін және сыйымдылығы 30 мың тонна астық сақтау қоймасын пайдалануға берді.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓