Куәгерлерге – қомақты сыйақы

Былтыр Қостанай облысында жемқорлық деректері туралы хабарлаған сегіз тұрғын ақшалай сыйақы алған. Оларға жалпы сомасы 1 млн теңгеден астам қаржы төленген еді. Бұдан былай мұндай сыйақының көлемі еселене түседі. Жаңа қаулыға сәйкес, құқықбұзушылыққа куә болған азаматтарға тағайындалатын пұл 250 мың теңгеден 10 млн теңгеге дейін ұлғайтылады. Без названияЖемқорлық дерегі бойынша Call-орталықтың үзіліссіз жұмыс істейтін 1424 нөміріне хабарлауға болады. Сондай-ақ, облыс орталығындағы Гашек көшесі, 4-үй мекенжайына жүгінуге де мүмкіндік бар. Әрине, хабарлама үшін сыйақы алудың өзіндік талаптары бар. Хабарламаның жалған-шыны айқындалуы шарт. Тек нақты қылмыстық іске қатысты сот шешімі шығарылған соң ғана 15 жұмыс күні ішінде ақпарат беруші азамат тиесілі сыйақысына қол жеткізе алады. Алашақ көлемі де әртүрлі. Мәселен, 100 млн теңге жымқырылғаны туралы хабарлаған тұлғаға 10 млн 600 мың теңге ақы тағайындалады. Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, жаңа жылдың алғашқы айларының өзінде-ақ қостанайлықтар тарапынан хабарламалар түсе бастаған. Деректерге қатысты тергеулер жүргізіліп жатыр.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓