Жол сапасына жауапты

Жол – экономиканың күретамыры. Мамандардың айтуынша, сапалы жол орта есеппен 10-15 жылға жарауы тиіс. Ал кей өңірлерде жолдарға 4-5 жыл сайын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге тура келеді. Сондықтан облыста 2019 жылдың маусым айында «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» мекемесінің облыстық филиалы ашылды. Мекеме қызметінің мақсат-міндеттерін білу мақсатында Ұлттық жол активтері сапасы орталығы облыстық филиалының директоры Абылайхан Алшынбаевқа хабарластық.
 
IMG_3455
–  Біздің мекеме жолдың заманауи технологиялар арқылы салынуына мұрындық болғанымен, нақты сапасына тапсырыс беруші тікелей жауапты. Жол саласында жаңа әдістемелер мен технологияларды тиімді енгізу, кепілдік мерзімдерін ұлға­йту, жол инфрақұрылымының қауіпсіз­дігін арттыру басты міндетімізге кіреді. Жолды күрделі және орташа  жөндеуден өткізу, автомобиль жолдарын күтіп ұстау кезінде құрылыс-монтаж жұмыстары мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуді жоспарға қойдық. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау сапасын жақсарту мақсатында нормативтік-техникалық базаны жетілдіру үстіндеміз. Облыста былтырдан бері тексеру жұмыстары белсенді жүргізілуде, — дейді Абылайхан Ерболұлы.
Жол активтері ұлттық сапа орталығы қызметкерлері былтыр республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында 477 тексеру жүргізді. Барлығы 362 ереже бұзушылықтар анықталды. Айта кетейік, жолдың сапасы мына тізбек бойынша реттеледі: Мердігер – Тапсырыс беруші – Техбақылау – Авторлық бақылау – Жол сапасы.
– Тексеру нәтижесінде мердігерлер 4500 шаршы метр жол жабындысын және 52 мың шаршы метр жол негізін қалпына келтірді. Зертханалық талдау үшін 598 сынама алынды, оның ішінде 71 материал жол құрылысында пайдалануға тыйым салынды. Бұл жұмыстары жалғаса береді, — дейді филиал директоры.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓