Марапат

Арыс қаласын қысқа мерзімде қалпына келтіруге қосқан айрықша үлесі үшін Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сергей Карплюк ҚР Президентінің Алғыс хатымен және төсбелгімен марапатталды. Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов өңір әкімдігінде өткен аппарат жиынында Мемлекет басшысының марапатын С.Карплюкке тапсырды.
IMG_4291
Өткен жазда Түркістан облысының Арыс қаласындағы жарылысқа барлық қазақстандықтар зор күйзеліс білдіріп, әр өңір аянбай көмек көрсеткен еді. Тобыл-Торғай аймағы да ел басына қиын күн туғанда, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қаржылай, заттай, азық-түлік ретінде қолғабысын тигізді. Қостанай облысының бюджетінен Арыс қаласындағы қираған үйлерді қалпына келтіруге 500 млн теңге бөлінді. Барлық салалар қамтылған штабты облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк басқарды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓