Қуатты, өнімді, жайлы

«ССКӨБ» АҚ Қашар тау-кен өндіру кешенінің тепловоз паркі құны 2,2 млрд теңге тұратын жаңа техникамен толықты.ERG_ССГПО новый тепловоз _внешний вид
Кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы аясында сатып алынған 2ТЭ25КМ магистралдық тепловозыбір мезетте салмағы 4000 тоннадан асатын 40 вагон шикі кенді тасымалдай алады. Оның қуаты өндірісте бүгін қолданылып жүрген локомотивтердің қуатынан екі есе көп– 7 200 ат күші.ERG_ССГПО новый тепловоз_ пульт управления
– Қазір техниканы іске қосу жұмыстары аяқталуға жақын. Төрт локомотив бригадасы арнайы оқытудан өтіп, немістің «Хайсман» басқару жүйесін игерді. Жаңа тепловоз шикі кенді Қашар алаңындағы «Қайта жүктеу» бекетінен Рудныйдағы «Тас ұсақтау» бекетіне тасымалдайтын болады, – деді тепловоз және теміржол кранын пайдалану учаскесінің басшысы НұрлашБегдаутов.
Тепловозда микропроцессорды басқару жүйесінен кабинадағы микроклиматқа дейін, яғни қазіргі заманның барлық талаптары ескерілген. Оның жұмысы бірлестіктің теміржол инфрақұрылымын пайдалану тиімділігін арттырады, жүктерді жеткізу уақытын қысқартады. Теміржолшылардың жұмыс және қауіпсіздік жағдайлары дажақсара түсті.ERG_ССГПО новый тепловоз_машинное помещение
Техниканы пайдалану барысында қандай да бір ақау орын алса, орнатылған датчиктер туындаған мәселелерді бірден көрсетеді. Бұл елеулі бұзылулардың алдын алады. Кабиналар тоңазытқышпен, қысқатолқынды пештермен, кондиционермен жабдықталған. Локомотив істен шыққан кезде де жылу жүйесі машинисттердің тоңып қалуына жол бермейді.
Биылрудныйлық теміржолшыларға TЭM18ДM сериялы жаңа маневрлік тепловоз да сатып алынбақ. Оның міндеті – фабрикадағы дайын өнімді тасымалдау.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓