АЙТЫС! АЙТЫС! АЙТЫС!

Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы мен облыстық "Қостанай таңы" газетінің "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы ортақ жобасы – жазба айтыс жалғасын табады! Жыл сайынғы дәстүрге айналған ақындар сайысына биыл қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы арқау болмақ. "Мен бір жұмбақ адаммын" атты республикалық ашық жазба айтысқа Қазақстанның барлық облысының ақындарын қатысуға шақырамыз. Үміткерлердің сахна ақыны болуы міндетті емес, жазба ақындар да сайысқа түсуге ниет білдірсе, нұр үстіне нұр. Ендеше, жазба айтыстың ереже-тәртібімен толығырақ танысыңыздар! Абай 175
 
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өткізілетін "Мен бір жұмбақ адаммын" атты республикалық ашық жазба айтыстың
ЕРЕЖЕСІ
Ұйымдастырушылар:
«Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ және «Қостанай таңы» газеті редакциясы» ЖШС.
 
Айтыстың мақсаты:
— "Ұлы даланың ұлы есімдері" арнайы жобасы аясында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын насихаттау;
— "Рухани жаңғыру" бағдарламасын және "Ұлы Даланың жеті қыры" мақаласын интернет-кеңістікте ақпараттық ілгерілету;
— ұлттық бірегейлікті сақтау және нығайтуға үндеу;
— "Фольклор мен музыканың мың жылы" арнайы жобасын ілгерілету;
— Осы жылы атап өтілмек өзге де маңызды рухани шараларды ақындар жыры арқылы әспеттеу.
 
Өтетін мерзімі:
2020 жылғы ақпан-тамыз айлары аралығы.
 
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
— айтысқа барлық облыстың ақындары қатыса алады;
— ақындардың жасына шектеу қойылмайды;
— бағалау шарты;
— қатысушылардың сөз өткірлігі, тапқырлығы;
— айтыс мәтінінің көркемдік деңгейі;
— айтыскердің берілген уақытты тиімді пайдалануы, тақырыпты аша білуі, қарсыласына ұтымды жауап қайтару шеберлігі.
 
Айтыстың өткізілу тәртібі:
1. Айтыс үш кезеңнен тұрады:
— бірінші кезең – іріктеу кезеңі;
— екінші кезең – жартылай финал;
— ақтық сын (финал);
2.Ақындар жеребе бойынша анықталған қарсыласымен сөз жарысына түседі;
3. Ақындар екеуара интернет арқылы айтысып, бір-біріне тәулік ішінде жауап береді. Әр жұптың айтысы үш тәуліктен аспауы шарт, біреуі белгіленген мерзім ішінде жауапсыз қалған жағдайда жеңілген болып есептеледі. Егер екі ақын бірдей жауапсыздық танытса, айтыстан шеттетіледі;
4. Әр жұптың айтысы 4 кезектен аспауы керек. Сапасыз немесе әдепке қайшы жазылған сөздер қысқартылады;
5. Айтыс kostanaytany.kz сайтында және әр жұптың айтысы аяқталған соң газет бетінде ықшамдалып жарияланады;
6. Айтыс жеңімпаздары арнайы құрылған қазылар алқасы шешімімен анықталады:
1-орын – 200 000 теңге
2-орын – 100 000 теңге
3-орын – 70 000 теңге;
7. Сыйлық қорын Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ұсынған;
8. Ұйымдастыру жұмыстарын «Қостанай таңы» газеті редакциясы» ЖШС қамтамасыз етеді.
 
Айтыстың қазылар алқасы:
— қазылар алқасының құрамында жергілікті ақын-жазушылар, сөз өнерінің құнын білетін кәсіби мамандар болады;
— қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды;
— қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және оның барлық мүшелері қол қояды;
— ақындар жұбының сөз сайысы талапқа сай болмаған жағдайда қазылар алқасы ортақ шешіммен айтыс мәтінін газет бетіне жарияламауға құқылы;
— әр жұптың айтысы әр айналымның соңында талданып жарияланады.
 
Өтініштерді тапсыру шарттары:
Қатысушы мына құжаттардың электронды нұсқасын тапсыруы тиіс:
— Айтысқа қатысу туралы өтінім (берілген үлгі бойынша)
— жеке куәлік көшірмесі;
— 1 сурет (13х18 см);
Өтініштер 2020 жылғы 25 қаңтардан 12 ақпанға дейін мына мекенжайда: Қостанай қаласы, әл-Фараби көшесі, 90 немесе [email protected], 8-707 160 83 90 нөмірі арқылы Whats App желісімен қабылданады.
 
ӨТІНІМ
 
Қатысушы ақынның Т.А.Ә.________________
Ұялы телефон нөмірі ____________________
Мекенжайы ___________________________
Жетістіктері__________________________
Өтініш толтырылған күн________________
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓