МӘМС: мамандар не дейді?

Жаңа жылдан елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмысы басталды. Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров бастаған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің өңірлік штабы қостанайлық журналистермен кездесу өткізді. Елордадан келден меймандар медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің қалай жүріп жатқанын, медициналық нысандардың, дәрігерлердің және тұрғындардың дайындығы қандай екенін  баяндады.IMG_2647
Қ.Надыров науқастар үшін кез келген қызмет қолжетімді болу қажеттігін баса айтты. Өйткені, осы жылдың 1 сәуіріне дейін кез келген пациенттің мәртебесі шартты түрде сақтандырылады. Сондықтан медицина мамандары науқастардан бас тартпауы керек.
– Міндетті әлеуметтік сақтандырудың шаралары туралы әрдайым айтып келеміз. 2020 жылдың алғашқы 3 айында барлық тұрғындар медициналық қызметке қолжетімді. Ал 1 сәуірден бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қызмет алады. Ол үшін әрбір азамат өз статусын біліп қана қоймай, әрбір медиицналық ұйымнан қолжетімді ақпарат алуы тиіс. Қандай жағдай болса да мәселе пациенттің пайдасына шешілуі керек. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 1406 нөмірі арқылы тәулік бойы хабарласуға болады. Тағы бір айта кетерлігі, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларға рецепт бойынша берілетін дәрілер медициналық сақтандыру есебінен тегін беріледі, — деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Шоранов жұмыс берушінің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуы туралы сөз етті.IMG_2642
– Сақтандыру медицинасы сіздің қарамағыңыздағы жұмыскерлердің тапқан табысына қарамастан медициналық көмектің барлық түрлерін алуына мүмкіндік береді. Оның ішінде жоспарлы стационарлық көмек те, дәрі-дәрмекпен қамту да, жоғары мамандандырылған медициналық қызмет түрлері мен оңалту да, диагностикалық-консультациялық көмек те, медбике күтімі мен паллиативтік көмек те бар. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің жарналары, бірінші кезекте, адамның ауруханаға түсу фактілерін төмендету мақсатындағы профилактикалық шараларды арттыруға жұмсалады. Нәтижесінде тиімді емханалық-амбулаториялық көмек есебінен жұмыскерлердің жұмыстан қалу уақыты азаяды. Өкінішке қарай, қазір нарықтағы жұмыс берушілердің бәрі бірдей жұмысшыларына әлеуметтік пакет, соның ішінде медициналық сақтандыру қызметін ұсына алмайды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін аталған әлеуметтік пакет еңбек нарығына қатысушылардың бәріне қолжетімді болмақ. Медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі  артықшылығы – жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығынан туындайтын өндірістік шығындарды қысқартуға мүмкіндік беретіндігінде, — деп түсіндірді М.Шоранов.IMG_2680
Сонымен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру сапалы алғашқы көмек, дәрі-дәрмектер алуға, еліміздегі үздік клиникаларда тиімді емделу және қымбат бағалы операциялар жасату мүмкіндігін иеленуге және жұмыс берушілердің шығындарын азайтуға ықпал етпек.
Қазіргі уақытта, барлық емханада арнайы банктердің терминалдары орналастырылған. Жарна төлемдерін «KaspiBank» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және басқа екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асыра алады. Түрлі сауалдар туындаған жағдайда, республика бойынша орталықтандырылған байланыс құралы 1406 телефонына байланысуға болады.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суреттерді түсірген Б.Көркембаев

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓